Текст
Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету мектепке дейінгі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Баланы әртүрлі жағдайларда жазатайым оқиғалардан қорғау үшін оны қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету керек. Осы мақсатта, балабақшада бұл апта ЖЖЕ арналды.
Бүгін "Жұлдыз" тобында «Жол белгілері не үшін қажет» тақырыбында әңгіме өткізілді. Балалармен бірге жол белгілерін және не үшін қажет екенін еске түсірдік. «Сынған бағдаршам», «Қандай белгі» дидактикалық ойындары өткізілді.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесінде балалар бағдаршам сигналдары және жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін жаңартты, тыйым салатын жол белгілерімен танысты, балалардың көшеде жүру мәдениеті артты.