«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

СПОРТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

05.08.2020

  Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

  Спорттың балаға пайдасы

  Балалар үнемі қозғалыста жүреді, тыным таппай жүгіру, секіру — балаларға тән нәрсе. Алайда, дене белсенділігінің белгілі бір түрімен тұрақты түрде айналысу мынадай артықшылықтарға ие:

• Төзімділігі артады.

• Тұрмыстық жарақаттадың алдын-алатындай буындар нығайтылады.

• Мінез шыңдалады — бала үйінде ата-анасына еркелеп, «қалаймын», «істемеймін» деп қылжаққа салатыны бар, ал командада олай жасай алмайды. Бала өзіне жауапкершілік алуды үйренеді.

• Мақсатқа ұмтылу деген мінез сауатты құрылған жаттығулар кезінде пайда болады. Жаттықтырушы балалардың алдына мақсат қойып, оларға қол жеткізуді үйретеді.

• Реакция жылдамдығы балаға қауіпті жағдайларда дұрыс бағдар жасауына көмектеседі.

• Ересек өмірге дайындық. Тәртіп пен қозғалыс белсенділігіне үйренген бала ересек жаста да қозғалысқа деген сүйіспеншілігін және мақсатқа жету қабілетін сақтайды.

• Жалпы денсаулық нығаяды, қан айналым жақсарады, өкпе сыйымдылығы артады.

 

  Дене шынықтыру нұсқаушысы: Нагашыбаев Н.Е.

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст