Мектеп жасына дейінгі баланы дамытып өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – үстел үсті ойындары. Үстел-үсті ойын арқылы бала қоршаған ортамен, еңбегімен қарым-қатынасымен танысады, ойлау қабілеттері дамытылады. Ойын үстінде балалар ойлана жауап беруге, қиялдауға, елестеуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындарды балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.
Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, дойбы, лото, мозайка, суреттер қолданылады. Мысалы: «Дойбы», «Суретті құрастыр» (ағашты, бидайды, гүлдерді), «Ойлан, тап», «Бірінші дыбысын тап», т.б. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда үстел ойын маңызды құрал болып табылады. Ойын арқылы білімді меңгертіп оны бекіту үшін дағды мен әдет қалыптастырылады. Келесі үстел-үсті ойындарды ұсынамын.
№ 1 «Суреттер құрастыру»
Мақсаты:
Балаларға ұсақ суреттерден бір мазмұнды сурет құрастыруды үйрету, әңгіме құрастыра білу, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, әр түрлі мазмұнды суреттер құрастыруға деген балалардың қызығушылығын арттыру.
Ойын атрибуттары:
көлік түрлеріне, әр түрлі ертегілерге байланысты суреттер.
Ойынның барысы:
Балалар үстел үстіндегі әр түрлі суреттердің қиықтарынан (текшелерінен) бір мазмұнды сурет құрасытырады. Сурет не жайында екенін әңгімелеп айтады.
№ 2 «Жұбын тап»
Мақсаты:
Балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, зейінді болуға тәрбиелеу.
Ойын атрибуттары:
жеміс-көкөніске байланысты текшелер.
Ойынның барысы:
Ойынға 3-4 бала қатысуға болады. Балалар суреті бар текшелерді (доминоны) бөліп алады да, ойын бастайды. Аталған бала бірінші болып текшені қояды, қалған балалар қойылған суретке байланысты өздерінде бар текшелерді ретімен қояды.Кімнің қолындағы текше бұрын бітсе, сол жеңеді
№ 3 «Оқиғалар»
Мақсаты:
Тиісті сөздерді тауып құрастыру, буынға бөлу. Баланың ой-өрісін, зейінін дамыту
Ойын атрибуттары:
Оқиғаларды бейнелейтін суреттер, оқиғалар жайында айтылған сөздер.
Ойынның барысы:
Балалар өздеріне ұнаған сюжетті суреттерді алады. Сол суретте айтылған тиісті сөздерді тауып астына құрастырады. Солай бірнеше оқиғалар суреттерге байланысты қойылады.
Тәрбиеші Исмагамбетова А.А.