«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар!

23.07.2020

Құрметті ата-аналар! Балалабақшада қазақ тілі пәнінен өткен тақырыпты қайталау мақсатында сіздерге келесі интернет желісіндегі видеоларды балаларға көрсетулеріңізді ұсынамын. @bilimland_kids инстаграмм парақшасына жазылып, сонымен қатар ютуб желісінде де тіркеліп толық нұсқасын көрулеріңізге болады.

Балаларға таңертең ояну кейде қиынға соғады, сол себепті жаңа күнді көңілді әнмен бастаған дұрыс! Балаларға ұйқыдан тұрған кезде қалай жуыну керектігін айтып беретін жаңа көңілді әнді тыңдатсаңыз күнделікті қолданылатын қазақша сөздер балалардың есінде қалады. «Үй жануарлары»

Сонымен қатар, балаларды қандай үй жануарларың бар? Оларды ататқызу. Мысық-кошка, ит-собака, сиыр-корова, лошадь-жылқы, қой-баран, түйе-верблюд. Үй жануарлардың қандай болатынын және олардың қандай дыбыс шығаратынын сипаттайтын жаңа бейнебаян.

«Дене мүшелері»

Бас-голова, иық-плечо, тізе- колени, қол-рука, аяқ- нога дене мүшелерін қайталап, білімдерін бекіту. Дене мүшелерінің атауларын қимыл арқылы біліп-үйренуге көмектесетін жаңа көңілді әнді көре аласыз.

«Сандар»

Онға дейін санауды бірге баста! Санауды көңілді әрі оңай үйрен! Ата-анаға балаларға санауды үйретудегі таптырмайтын көмек!

«Түстер»

Балаларға түстердің қызыл, көк, қоңыр және жасыл болатынын қалай түсіндіруге болады? Әрине көңілді әнмен!

«Ай атаулары»

Ай атауларын тез әрі оңай үйренуге болады! Тек қана әндетіп қайталасаң болғаны!

Балалардың жақсы көріп тыңдайтын сергіту сәті «Сәлем, Сәлем!»

Құрметті ата-ана, тағы да көптеген тақырыпқа байланысты видеоларды @bilimland_kids инстаграмм парақшасынан және ютуб желісінен балаларға қосып көрсетіп, қазақ тілін үйренуге үлесіңізді қосыңыз.

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст