«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар назарыңызға бала тәрбиесіне жағымды әсерін тигізетін пайдалы кеңестер ұсынынамыз

15.07.2020

       Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана әсер етеді.

       Бала- біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайға біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, өмірде қандай қадамдар жасасақ, оларда сондай қадамға баратыны есіңізде сақтаңыз.

        Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәпар және екіжүзді болып өспегені жақсы.

       Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны еш уақытта сынамаңыз.

       Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның өзін емес, әр уақытта жақсы қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.

       Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту еш уақытта дұрыс болмайды.

       Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-қоршаған адамдарына құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.

       Еш уақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.

Егер сізге шын мәнінде жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеуді көздесеңіз, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст