«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Секіртпелі жолдар»

14.07.2020

Төтенше жағдайға байланысты,барлығымыз үйде отырғандықтан,бос уақытымызды балаларыңызға арнап, осындай қимылды ойындар ойнауларыңызға ұсыныс береміз.Әдетте, балалар қимылды ойындарды жақсы көреді, бірақ балаларды дер кезінде жылдам жинап ойынға жұмылдыра қою тез бола бермейді. Бала қолындағы ойыншығын қимайды. Сондықтан оларды ойынға тарту үшін қолайлы уақытты таңдай білу керек.Қолайлы уақыт деген балалардың көңіл — күйі, шаршамауы, қимыл қабілеті т. б. жағымды жағдайлар. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал — ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі,дамиды.

«Секіртпелі жолдар»

Мақсаты: Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын көтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру.

Барысы: Балалар бір дөңнен екінші дөңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады

«Аюды тамақтандыр»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, дәл тигізуге дағдыландыру.

Ойын барысы:

Белгілі бір кедергілерден өтіп

1. Тунельден тізерлеп өту.

2. Секіртпеден секіріп өту.

3. Шелектен доп алып аюдың аузына көздеп лақтыру .

« Кім жылдам?»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.

Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.

«Балапандар мен мысық»

Бастапқы қозғалыс: Жай жүріс, жүгіру.

Ойынға түсініктеме:

Балалар ата-анамен бірге мысыққа жақындап:

Мыс-мыс-мысығым,

Қандай күшті пысығым.

Пеш үстінде ұйықтайды,

Көзін қатты қыспайды.

Балапанды ұстайды?

Мысық: Мяу! деп балаларды қуа жөнеледі

«Апа! Жіптер байланып қалды!»

Оыншылардың ішінен апаны таңдап алу. Қалған ойыншылар оралған жіп болады. Апа дүкенге барып келгенше оралған жіп шатасып, байланып оратылады.

Ойыншылар бір бірінің қолдарын босатпай аттап, астынан өтеді, бірақ ойын шартын бұзбай қолдарын үзбейді. Апа дүкеннен келе жатқанда: «Апа! Жіптер байланып қалды!» — деп айтады. Апа жіпті үзіп алмай шешіп, шеңбер жасап шығуы тиіс. Қолды әдейі босатуға болмайды.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст