«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбиешінің бос лауазымына байқауы

05.06.2024

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33320 болып тіркелген, жаңа редакцияда-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Қазақстан 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Премьер-Министрдің орынбасары - "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен 27 сағатқа 1,125 жүктемесімен мемлекеттік тілде оқытатын тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

Мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, 020400, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, № 1 шағын ауданы, 9 құрылыс, телефон 8-716-43-5-32-67, 8-702-963-80-48,  dsaltinbesik@yandex.kz

Негізгі функционалдық міндеттері:

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен жас аралық тобын оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгілік гимнастика, күні бойы тамақтану, балалардың іс-әрекетін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және басқалар), серуендеу, күндізгі ұйқы, жеке жұмыс, сауықтыру іс-шаралары, пәндік-дамытушылық орта құрады);

балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

          дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

      қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие-білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру ортасына әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

      мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

      отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады;

      мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді.

Педагогтің біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 115672 теңгеден басталады

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін тәрбиеші лауазымына үміткерге:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

           5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

          7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

          8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

          9) педагогтің білімін бағалау сертификаты (бұдан әрі - ЖЖБ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару   негізі болып табылады.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау ресми Интернет-ресурста, "Алтын бесік"бөбекжайының әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні өткен соң аяқталады.

 

"Алтын бесік" бөбекжай - бақшасының қабылдауы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, №1 шағын аудан көшесі, 9-құрылыс, 09-00-ден 13-00-ге дейін және 14-00-ден 18-00-ге дейін. 

 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8 (716-43) 5 32 67, +7 702 963 80 48, электрондық мекен-жайы: dsaltinbesik@yandex.kz

 

 

 

 

 

Просмотров: 597


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст