Балалардың жол – көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында, көшеде, жолда жүру ережелерін орындау дағдыларын тәрбиелеу балабақшадағы басты міндеттердің бірі болып табылады.
ЖҚЕ бойынша жұмыста практикалық оқыту түрлеріне маңызды орын берілген. «Інжу» ересек тобында «Дымбілместі ЖЖЕ сақтауға үйретеміз» ойыны өтті.
Іс-шараны өткізу үшін әр балаға қолайлы жағдай жасалды: орналастыру мен орын ауыстыруын ескере отырып, кеңістік ұйымдастырылды, іс-шараны өткізу үшін тиісті материал дайындалды.
Негізгі міндеттер көрнекі, ауызша және практикалық әдістердің үйлесімі арқылы жүзеге асырылды. Балалар кейіпкерлермен бірге бағдаршам еліне барды. Балаларды бағдаршам қарсы алып, онымен бірге ЖЖЕ, белгілерді еске алды, «қызыл, сары және жасыл» қозғалмалы ойынын ойнады, «Көлік» саусақ гимнастикасы өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша «Рұқсат етіледі – тыйым салынады» ойынын ойнады.