«Менің сүйікті қалам-Атбасар қаласы!» - деп біздің мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілеріміз мақтанышпен және сенімді түрде мәлімдейді.
Әрбір адамның өмірінде өзінің сүйікті қаласы, ауылы болуы керек. Ал № 5 «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының балалары өздерінің кішкентай Атбасар қаласының азаматтары екенін біледі және мақтан тұтады. Биыл біздің қала өзінің туған күнін -175 жыл мерей тойын тойлайды.
Өз қаласының тарихын, туған өлкенің көрікті жерлерін білу үшін әр бала экскурсия кезінде ата-аналарымен бірге көрікті жерлерді көрнекі түрде көрулері керек.
Атбасар қаласының 175 жылдығын мерекелеуге арналған іс–шаралар жоспарына сәйкес барлық жасаралық топтарында «Менің туған өлкем Атбасар» тақырыбына тақырыптық бұрыштар безендірілді. Тақырыптық бұрыштарда Атбасар қаласының көрікті жерлерінің фотоматериалдары, композициялары бар. Балалар туған қаланың суреттерін қызығушылықпен қарап, ата-аналарымен бірге жасалған экспозициялар, экспонаттар туралы әңгімелейді.