Текст
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Баланың қозғалысын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшандық, күштілік төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға, тұрмыста және дене тәрбиесі оқу қызметінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады
Бүгін «Еркемай» логопедтік тобында «Денсаулық» білім беру саласы бойынша денсаулық бұрышында балалардың жасына сай жаттығулар жүргізіліп, ойындар ойнатылды. Балалардың көңілдері көтеріліп, денелері шынығып, бойлары тынықты. Денсаулық - зор байлық, спорт – денсаулық кепілі дей отыра, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түстік.