Біздің балалар көзді ашып-жұмғанша тез өсіп, өзгереді! Балалық шақ қайта оралмайды. Сондықтан әрбір сәт біз үшін маңызды, осы қайталанбас сәттерді есімізде сақтап қалу үшін фото суреттер көмектеседі. Отбасы біздің өмірімізді бақытты, әрі жарқын етеді. Отбасында өмір сүріп, бала ондағы барлық сезім мен өзара қарым-қатынасты бастан кешеді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшада «Менің бақытты балалық шағым» атты фото көрме ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі балалар өздерінің бақытты отбасылары мен отбасылық құндылықтарымен мақтаныш етеді. Барлық фото суреттер - бұл балалар өмірінің тікелей және эмоционалдық сәттері. Балалық шақтың шынайылығы ересек адамдарға күш беріп, әр баланы біздің қамқорлығымызға және сүйіспеншілігімізге мұқтаж екенін түсінсінуге көмектеседі. Ал біз әр баланың балалық шағын бақытты етуге міндеттіміз!