«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусым күні барлық елдерде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.

01.06.2020

  Бұл тек балалардың қуанышты мерекелерінің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектердің оларға үнемі қамқорлық пен қорғануды қажет ететіні туралы еске салу мерекесі.  Осы мереке қарсаңында біздің бөбекжай бақшамызда 25-29 мамыр аралығында «Барлығы балалар үшін» атты республикалық акция өткізілді.  «Тәй-тәй» ортаңғы тобында – «Балалық шақ – бұл бақыт», мектепалды даярлық «Ақ бұлақ» тобында – «Бақытты балалық шақ», ортаңғы  «Қарлығаш» тобында – «Менің сүйікті балалық шағым», «Еркемай»  логопедтік тобында – «Өмірдің гүлі»  және ортаңғы «Айналайын» тобында –«Балалық шақ  - бұл қуаныш» тақырыбында ойын-сауық өткізіліп, мейрамға шақырылған қонақтар мен балалардың өзара қарым-қатынасына  жылу сыйлады.

   Барлығы, тіпті ең кішкентай балалар ойын-сауыққа белсене қатысты. Балалар Күнмен, Сайқымазақ кейіпкерлерімен  «Сыңарын тап», «Күн мен жаңбыр», «Бір минуттағы Фигура» көңілді ойындарын ойнап, ептілікке, тапқырлыққа, жұмбақтарды шеше білуге жарысты. "Біз өмірдің гүліміз" Б. Гизатовтың, В. Герчиктің "Всем советуем дружить", А. Филиппенконың "О Родине" атты көңілді әндері орындалды . Балалар «Көңілді сылдырмақтар», «Мейірімділік деген не», «Пяточка-носочек», «Детство – это смех и счастье»  билерін биледі.

   Ойын-сауық соңында кейіпкерлер балаларға түрлі-түсті борлар мен сабын көпіршіктерін сыйлады. Балалар асфальтта сурет салып, сабын көпіршіктерін үрледі. Мектеп жасына дейінгі балалар үлкен әсер алды, жақсы көңіл-күймен қуанды!!! 

  Біздің балалар - біздің өмірімізде ең қымбат нәрсе. Біз олардың дені сау және бақытты өсуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз, өйткені олар біздің болашағымыз!

Батырова З.С.

 

Просмотров: 313


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст