Текст
Балалық балғын шақта балалар уайымсыз өткізіп, есейе бастайды. Бұл өмірдегі ерекше кезең. Балалар - өмірдің қызығы. Кішкентай бүлдіршіндер тез есейіп, күнделікті өздеріне жаңалық ашады, тәжірибе жинайды.
Біздің балабақшада ата - аналар мен балалардың бірлескен шығармашылық көрмесі өткізілуде. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Бүкіл ғаламшардың балалары» суреттер көрмесі және «Әсем жаз» қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге барлық топтардың балалары мен ата-аналары қатысты. Барлық жұмыстар көздің жауын алып, мазмұнды болды. Біздің ата - аналарымызға креативтілік, қиялдары және бөбекжай бақшасының өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.