Ойын - тәрбиелеудегі ең тізімді амалдардың бірі. «Балабақшада тәрбие беру программасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш - жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысын үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы тәлімдік өнегесі ойыннан басталады.
Бүгін ересек «Күн сәулелері» тобында «Балалар әлеміне саяхат» атты ойын – сауық өтті.
Ойын – сауық барысында қонаққа Сайқымазақ пен Тәтті қыз келіп, балалармен «Кім жылдам», «Тәттіні тасмалдау» ойындарың ойнады. «Біз бақытымыз» әнін айтып, көңілді би биледі. Өздерінің көңіл күйлерін көрсете отырып, белсенділіктерін көрсете білді. Балалар асвальтқа бормен сурет салып, ойын – сауы аяқтады.