Текст
Балабақшада серуендеу – бұл белгілі бір кезеңдерден тұратын ұйымдастырылған күн тәртібінің сәті. Табиғатты бақылау, қозғалмалы ойындар міндетті кезең болып табылады.
Бүгін «Балапан» тобының балалармен серуен өткізілді. Табиғатты бақылау жоспары бойынша жұпаргүл бақыланды. Балалар бұталардың құрылысын, жапырақтар мен гүлдердің құрылысының ерекшелігін атап өтіп, жұпаргүлдің түрлі-түсті болатынын айтты. Жұпаргүлдің гүлдерін қарастыра отырып, тілек тілеу үшін гүл шоқ арасынан бес жапырақшаны іздеді.
Келесі кезеңде қозғалмалы ойындар, «Алаңдағы қояндар» ойыны ойнатылды. Серуен өте қызықты, танымдық болды. Балаларға серуен өте ұнады!