«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Інжу" мектепалды тобы тәрбиеленушілерінің мектепке экскурсияға баруы.

25.04.2024

Мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сабақтастығы жөніндегі жылдық жоспарды іске асыру аясында "Інжу" мектепалды тобының балалары №3 ЖББМ экскурсияға барды. Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Габбасова Айгуль Бекарстановна балаларды қарсы алып,  бүлдіршіндерге мектеп ішіне экскурсия жасады.
Балақайлар  өздерін нағыз оқушылар сияқты сезініп, мектепте өздерін еркін ұстады. Экскурсия барысында балаларды  мектепте орналасқан "Білім бөлімінің мұражайына" көріп те үлгерді. Сондай-ақ, балалар бастауыш сынып мұғалімі Людмила Николаевнамен танысып, балаларды сыныпқа кіргізіп,  партаға отырғызып, өздерін нағыз оқушылар ретінде сеізне білуге үлесін қосты.  Экскурсия барысында балаларға  қатты ұнаған орындар олар:   мектептің  спортзалы, кітапхана мен  мектеп асханасы.  Балалар балабақшаға қуанышты әсермен  оралып,  көбісі мектепке тезірек барғысы келетін ойларымен бөлісті.  Балалар асыға күткен  экскурсия   балалардың жадында жағымды естеліктер қалдырды, біздің болашақ бірінші сынып оқушылары өз армандарын жүзеге асырды.

Просмотров: 91


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст