«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Олимп" ДСК-не экскурсия

25.04.2024

"Олимп" ДСК-не экскурсия

Жүз рет естігеннен гөрі бір рет көрген жақсы дейді! Міне, біз осы тұжырымға сүйене отырып, бүгін салауатты өмір салты туралы көп сөйлеспей, өз көзімізбен көруді шештік.

25 сәуірде "Жұлдыз" мектепалды тобының тәрбиеленушілері салауатты өмір салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу мақсатында "Олимп" дене шынықтыру – сауықтыру кешеніне барды.

Экскурсия барысында балалар әртүрлі спорт түрлері туралы білімдерін бекітіп, дене тәрбиесіне байланысты мамандықтар туралы әңгімелесті. Экскурсия барысында  ғимаратты, бассейнді, теннис пен баскетбол алаңдарын тамашалап, әртүрлі спорттық  жаттығуларнына арналған тенаржорларды тамашаладық.

Біраз шаршаған, бірақ шабыттанған балалар балабақшаға оралды. Біздің ойымызша, көптеген балалар үшін бұл экскурсия бекер болған жоқ, олардың алған әсерлерінен жарқырап тұрған  көздерінен көріп, пікірталастар мен әңгімелері бір күнге созылды.

Біздің тәрбиеленушілердің арасында болашақ спортшылар болуы да  мүмкін.

 

Просмотров: 88


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст