Бұл бағытта баланың дамуында жаңа кезең басталады: бұл бағыт бойынша баланың күнделікті үйреншікті қызмет түрлерінен мүлдем өзгеше болғандықтан, құрдастары мен ересектердің қарым-қатынас стилі өзгеше дамып, физиологиялық тұрғыдан қайта құрылуы керек. Бұл процесс бала үшін әсерін тигізбей өтуіне қалай ықпал етуге болады? Осындай күрделі мәселені шешуге балабақша мен мектептің тығыз байланысы үлкен әсер етеді.
Мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сабақтастығы бойынша жылдық жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде балабақшада қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері – №1 ЖББМ Маркер Л.М., № 3 ЖББМ Бейсенова А.Б мен Бородина Ю.А., №7 ЖББМ Дәбиева Н.С., мен №8 ЖББМ Г.Е. Бейсебаевтың қатысуымен мектепалды топтардың ашық ұйымдастырылған іс-шаралары өкізілді. Үш мектепалды тобының тәрбиешілері оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық формалары мен әдістерін қолдана отырып ҰОҚ өткізді.
"Жұлдыз" мектепалды тобының тәрбиешілері Дронь Вера Ивановна мен Карауылбекова Ботагоз Сериковна "Грамотей ағайдың қазынасы" квест-ойынын өткізді. Ойын мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың барлық бағыттарын біріктіру арқылы ұйымдастырылды. «MAGNA-TILES» магниттік конструкторының көмегімен балалар сауаттылық негіздері бойынша білімдерін бекітті. Сонымен қатар Кюизенер таяқшалары, асықтар мен "Тәтті санау" балаларға санның құрамын қайталауға көмектесті. Эксперименттік іс-шаралар көмегімен балалар құпия сандықтың кілтін тауып, тәрбиеленушілер ерекше қуанышқа бөленді. Мемлекеттік тілде білім алатын "Күн сәулелері" мектепалды тобы (тәрбиешілері Бердхожа Ақжайық және Берденбек Ақбота) білім беру процесіне ұлттық құндылықтарды енгізе отырып, "Білім әлеміне саяхат" тақырыбында ұйымдастырылған қызметін өткізді. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып, үлкен қызығушылықпен қағазға ою-өрнектер салып, сөздерге дыбыстық талдау жүргізе отырып, "Бестемше" ұлттық ойыны арқылы математика негіздері бойынша білімдерін нығайтты.
"Інжу" мектепалды тобының тәрбиешілері Иванова Ирина Владимировна және Откульбаева Салима Мухтаровна Воскобович технологиясы мен асық терапиясын қолдана отырып, "Тазшы бала көмек сұрайды" ұйымдастырылған қызметін өткізді. Балалар тапсырмаларды қуана орындап, математикалық конструктормен ойнап, сұрақтарға жауап берді.
Мектеп мұғалімдері балабақша педагогтерінің жұмысына жоғары баға беріп, балалардың мектепке жақсы дайындығы барын атап өтті.