«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Білім беру процесінде ұлттық құндылықтарға негізделген инновациялық технологияларды қолдану "атты аудандық семинар – практикум өтіп

03.04.2024

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес " Алтын бесік " бөбекжай базасында " Білім беру процесінде ұлттық құндылықтарға негізделген инновациялық технологияларды қолдану "атты аудандық семинар – практикум өтіп, оған мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Семенча Инна Василеевна, МДҰ меңгерушілері, ауданның мектепке дейінгі педагогтары қатысты. Педагогтар ұлттық құндылықтарға негізделген инновациялық технологияларды пайдалана отырып, практикалық істің белсенді қатысушылары болды. "Сиқырлы әлем", "Шахмат патшалығы", "Денсаулық", "Сөйлеу әлемі", "Құм академиясы", "Ертегі ойындарының лабиринттері", "Роботтар планетасы" , "Болашақ зертханасы", ұлттық құндылықтар орталықтарын аралады. Семинардың барлық қатысушылары қызығушылық танытып, белсенділіктерін арттырып, бастамаларын көрсете отырып, жемісті де, нәтижелі жұмыс жасады. Семинардың қорытындысна "Аналитикалық кейс" өткізіліп, онда әдіскерлер Байгазина Айна Мукашевна мен Сахнова Нина Анатольевна педагогтармен миға шабуыл форматында "Әдістемелік калейдоскоп" ұйымдастырды. "Алтын бесік" бөбекжайының педагог – корреспонденттері қонақтардан сұхбат алып, семинарды дайындаудың жоғары әдістемелік деңгейі, іс-шараны нақты ұйымдастыру, кәсібилік, жұмыс тәжірибесімен алмасу және әріптестер қолданатын әдістер мен тәсілдерді білу мүмкіндіктері туралы пікірлерін білдірді.

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст