Текст
"Тәй-тәй"орта тобы
"Біздің топтағы таңғы ас"
Таңертеңгілік гимнастика өткізілгеннен кейін балалар таңғы асқа дайындалып, кезекшілер алжапқыштары мен қалпақшаларын киіп, үстелдерге таңғы ас қоюға кіріседі. Балалар кезекпен ыдыс-аяқтар мен майлықтарды, нан ыдыстарын орналастырады. Тамақтану алдында барлық бүлдіршіндер міндетті түрде қолдарын жуып, үстел басындағы өз орындарына жайғасады. Тамақтану кезінде балалардың қасықты дұрыс ұстауын, әрі дұрыс отыруын және жақсы тамақтануын, майлықтарды дұрыс қолдануды қамтамасыз етеміз. Тамақтану кезінде біз жағымды сөзді қолданамыз. Таңғы ас аяқталғаннан кейін кезекшілер ыдыстарды үстелден алып, жинастырады.