Ұйымдар тізімі
29.04.2020
Түнгі ұйқы алдында балаларға ертегі оқып беру өте пайдалы
Бала тәрбиесінде ұйқы алдында балаға ертегі оқып беру, орасан зор мәнге ие. Сол үшін ата-ана бұл үрдіске өте жауапкершілікпен қарап және балаға ертегі оқудан бас тартпауы керек.
Ертегі оқу баланың тәрбиесіне ерекше әсер етеді, ойлау, фантазиясын дамытуға, елестету және творчествалық бастамасының дамуына әсер етіп, сөздік қорын ұлғайтады. Психологияда ертегітерапия сияқты бағыт бар, оның негізгі идеясы бала өзін ертегінің бас кейіпкері ретінде санап, жаманнан жақсыны ажырату, қайрымдылықтан жауыздықты айыру болып табылады. Сонымен қатар, ол баланы назар қойып тыңдағышқа және болып жатқан оқиғаларға көңіл бөлуіне баули бастайды.Ұйықтар алдында балаға қарапайым және қайырымдылыққа толы ертегіні оқыған жөн. Баланың түс көруі, оның ұйқы алдында не көріп, не естіп және нені сезінгеніне байланысты.
Баланың есте сақтау қабілетін арттыру үшін, арасында қайталама сөздері бар ертегілер өте пайдалы. Ал сезім ритмін дамыту үшін ертегі өлеңдерді оқып отыру керек.
Ұйқы алдында ертегіні оқудың тиімді жақтары:
Тәрбиеші Оразбаева Мөлдір Асыловна
