«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дәстүрден тыс тәсілдер

20.04.2020

     Дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ата-ананың міндеті.Сондықтан, кез келген ата-ана сәбидің дене саулығына – дұрыс-өсіп дамуына, психикалық саулығына- ақыл-ойының дұрыс жетілуіне назар аударып, қадағалап отыру керек. Адамның денсаулығы бала күнінен қалыптасады . Денсаулықты қаншалықты сақтап, шынықтырса , ол соншалықты мықты болады.

Карантин  тәртібіне   байланысты   ата-аналарға  үйде отырып дәстүрден тыс құралдарды жасап балалармен дене шынықтыру жаттығулар жасауға ұсынамын.

«Ғажайып кілемше»

Бұл құрал: қақпағы бар түрлі пластмасса бөтелкелерді матаға бекіту арқылы жасалған. Жалпақ табандылықты болдырмау, түзету үшін жалаңаяқ жүріп шынықтыру.

«Іздер және алақандар»

Бұл құрал түрлі материалдар қиындыларынан жасалған.Оң, солды айыра отырып, қимылын түзету, шапшаңдық, аяқ бұлшық еттерін жетілдіру.

 «Бөтелкедегі жел»

Түрлі-түсті қағаз, коктейлге арналған соломкадан жасалған.

Тыныс алу жаттығуларына қолданылады. Тыныс алу жүйесін дамытады.

«Султандар»

Түрлі -түсті ленталармен, тесмаларды таяқшаға бекіту арқылы жасалған.

Тыныс алу гимнастикасы мен қимылды ойын кезінде қолданылады.

 Тыныс алу жүйесі мен қол бұлшық етін дамытады.

«Бильбок»

Бұл құрал пластмасса бөтелке «киндер-сюрприз» капсуласы, әдемілік үшін түсті қағаз. Межеге дәлдеп түсіруге арналған. Шапшаңдықты, көздеу, қол жылдамдығын дамытады.

«Глобус»

Бұл құралда түрлі пластикалық қақпақтар матаға немесе, дөңгелек затқа бекітіліп жасалады. Домалату арқылы межеге жетеді. Жылдамдығын, қол қимылын дамытады.

«Гантелдер»

Бұл құрал пластмасса бөтелкеге құм немесе ұсақ жармалар салып, жасалған. Күшті дамыту үшін қолданылады.

«Киндер спандекс»

Киндер қапшықтары тізбектеп жіпке өткізілген, пластикалық бөтелке ұстағышымен тартылған. Массаж , қол бұлшық етін дамыту үшін жасалған.

«Шаңғы»

Пластикалық бөтелкеден аяққа киюге арналған құрал. Аяқты қозғай отырып, жылдамдық, шапшаңдық аяқ бұлшық еттерін жетілдіреді.

«Көңілді қармақ»

Теннистік ракеткаға мата байлап, бекітіледі. Дәлдеп лақтырады.

 Көздегіштікті, шапшаңдықты, қол бұлшық етін дамытады.

 

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст