Балабақша меңгерушісі Ж.Е. Толгамбаева педагогтар мен тәрбиеленушілерге құттықтау сөз сөйлеп, онкүндіктің жемісті, қарқынды, танымды және жоғары позитивпен өткенін атап өтті. Жанаргуль Еркеновна онкүндіктің барлық қатысушылар белсенді қатысып, мақсатқа ұмтылып, еңбекқорлығы мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Жабылу салтанатына байланысты барлық жас аралық топтар "Менің тобымның портреті" тақырыбында шығармашылық жобаларын дайындап, өздерінің таланттарын, жетістіктері мен дағдылары туралы айтты. Тәрбиеленушілер "Ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту" әдістемелік тақырыбы аясында ән мен би композицияларын орындап, қатысушылардың назарына қазақтың ұлттық ойындары, соның ішінде асық атқызып, Шулы оркестірінің орындауын ұсынды.
«Колейдоскоп оқиғалары» іс-шарамыз барлық қатысушыларға позитивті эмоция сыйлап, “Біз біргеміз!» атты достық флешмобымен жабылды.