«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға көңілсіз болмасын .

07.04.2020

                         

 «Дәлдеп тигізу»

Балалардың икемділігі мен ептілігін дамытуға ықпал етеді. Бұл ойында екі доп пен орындық қажет.

Үлкен допты орындықтың үстіне қояды , ал кішкентай доппен  бала 1,5 – 2 метр қашықтықта тұрып, үлкен допты орындықтан  соғуға тырысады. Сәттілік болған жағдайда бала сыйлық алады (тәтті, алма, банан, киви т.б) 

 

Кешкетаман   ойнайтын «Кім келді?» ойыны

Алдымен  бірге үй саламыз (текшелерден, жіптерден, матадан). Үйде міндетті түрде есіктер (ағаштан жасалған) болуы керек. Үй иесі-сіздердің балаларыңыз.

Үйдің иесі есікке қандай қонақтың келгенін білу керек:

- Қоян ақырын жұмсақ аяғымен қағады,

- Аю-қатты жұдырықпен,

- Әтеш –  тырнақтары мен тырналайды,

 Түлкі-саусақпен оңай ақырын қағады.

- бірнеше аюлар және т. б. келуі мүмкін

Төрт-бес жасында бала жеті қонақтарды қабылдай алады.

Сонымен қатар, үйдің иесі қонақжай болуға және әр қонақты әр түрлі қарсы алуға тиіс:

Түлкі- Сәлем қуым,

 Қоян-қош келдің, ұзын құлақ,

 Аю- қорбаң аю өтіңіз,

Әтеш -сені көргеніме қуаныштымын, алтын әтешім.

Бұл ойында әке мен ана қонақтар болып  ойнайды.  Ойын  есту назарын дамытады және этика элементтерін тәрбиелейді. Балаларыңызға  қызықты болуына  сенімдімін.

Ойлауды дамыту үшін «Сиқырлы жұп»

Ойыншылардың бірі ойын қатысушыларына кезек бойынша жануарды және ағашты (Қасқыр-емен, аю-қайын) немесе жиһаз бен ыдыс заттарын (үстел-тостаған, шкаф-стакан) немесе геометриялық фигураларды (квадрат-пирамида, шеңбер-параллелепипед) жұбымен атауға тапсырма береді.

«Жұбын тап»

Барлығына белгілі ойын және кез келген жастағы балаларға қызықты болуы мүмкін, өйткені оны қиындатуға болады (жұп санын көбейту).  Ойынды түрлендіріп, ерекше карточкалармен,  адамдарды лего қылып. Бұл бүкіл отбасы үшін өте қызықты ойын.

 

     Автор  Жомартова  Айнур

 

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст