«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тыңда!»

02.04.2020

Мектеп жасына дейінгі барлық балалар ойнауды жақсы көреді, әсіресе жанында ең жақсы достары әке мен  анасы болса. Қазір сіздердің және балаңыздың бос уақыты көп. Сондықтан бұл бос уақытта балаңызбен осы ойындарды ойнап көріңіз. Балаларға сөзсіз ұнайтын ойындар.

«Тыңда!» 

Қызықты  уақыт  өткізумен  қатар, бұл  ойын  балалармен  музыкалық түйсігін  жақсартып, зейінін  арттыру.

Керек заттар:

Дыбыс  анық  шығатын  заттар.

Қалай ойнайды?

Үйдегі  дауысы  ерекше  шығатын  заттарды  (шыны, ыдыс, тарақ, кітап, қалам және т.б)  жинап  алыңыз.

Баланың  көзін  тану  қажет.

Баладан  дыбыс  арқылы  затты  дұрыс  табуын с ұраңыз.

 « Қазына іздеуші пингвиндер»

 Балаңызбен осы ойынды ойнап көріңіз.

Керек заттар:

үлкен, тегіс контейнер;

түрлі – түсті ұсақ – түйектер ( моншақ, кішігірім ойыншықтар және т.б.)

- тамызғыш (пипетка) немесе бөтелке.

Қалай ойнайды?

1. Контейнерге толтырып су құйып, ішіне таңдап алған ұсақ-түйектерді салыңыз.
2. Контейнерді мұздатқышқа салып, судың мұзға айналғанын күтіңіз.
3. Контейнердегі мұзды үлкен ыдысқа түсіріңіз.
4. Бөлек ыдысқа жылы су (ыстық су емес ) дайындап, балаңыздан тамызғышпен (не бөтелкемен) мұзды ерітіп, «қазыналарды» табуын сұраңыз.

Ескерту: Балаңызға суық тиіп қалмауын ескеріңіз!

  «Әңгімешіл балалар»

Балаңыздан ойдан әңгіме құрауын сұраңыз. Бұл оның шығармашылық қырын дамытып, басқа ортада өзін еркін сөйлеуге үйретеді.  

Керегі ; әңгіме өзек болатын идеялар.
Қалай ойнайды?
1.  Егер балаңыздың жасы үлкен болса, ортақ тақырып туып, сол жайлы әңгіме құрап, баяндап беруін сұраңыз.
2. Егер балаңыз кіші болса, өзіңіз бір әңгіме бастап, соны жалғастыруын өтініңіз.

Ескерту: Балаңыздың әңгімесінде ешқандай мағына болмауы мүмкін. Сондықтан оны тоқтатуға немесе түзетуге тырыспаңыз. Бұл олардың ойын бұзады. Ойдан шығарылған әңгіменің шындыққа жанасуы міндетті емес.

Тенбаева Д.А.

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст