Текст
Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы Н.Е Дауылбаева және АММБ салауатты өмір салты маманы Г.Ж Калдыбек пен В.Н. Шевченконың қатысуымен қызылшаның алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы өттіЖиын барысында қызылша деген не, ол балаға қалай қауіпті, оның алдын алу жолдары, ауырған жағдайда асқынып, балалар мен ересектер арасында таралмау – осы және басқа да сұрақтарды көтерді. Жиналыс барысында ата-аналарды қосымша егу қауіпсіздігі, сондай-ақ екпесіз балалардың мектепке дейінгі ұйымға баруы мүмкін бе, балалар қай жерде егіледі, жоспарлы және қосымша егулер арасында қанша уақыт өтуі керек деген сұрақтар қызықтырды.Ата-аналар білікті мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.