«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұлдызды жол"

09.11.2023

"Алтын бесік" бөбекжайында педагогтар арасында "Жұлдызды жол" ең үлкен робототехникалық ісшара  білім беру робототехникасы бойынша турнир өтті.   Турнир педагогтер үшін робототехникада өз дағдыларын көрсетудің бірегей мүмкіндігі болды.

Турнирге қатысушыларды құттықтай отырып, аудандық білім бөлімінің әдіскері И.В. Семенча әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ететін робототехника арқылы тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Турнирде сәтті өнер көрсету үшін қатысушылар жаттығуларға және қажетті ақпаратты зерттеуге көп уақыт бөлінді. Турнир барысында педагогтар 2 турға қатысты - 1 тур "Ғарыш айлағын салу. Зымыранды ұшыру алаңына жеткізу.", 2 тур – " Біз станцияға жетеміз. Біз планеталар мен жұлдыздарға жетеміз".  Қатысушылар өздерін нағыз бағдарламашылар мен робототехниктер ретінде көрсетті.

Барлық қатысушылар дипломдармен  марапатталды .1 орынды «LegoBoom» командасы Г.А.Куракбаева және Левада А.Ю. иеленді,2 орын «Робот X» командасы Приходько Н.Л. және Сазанова Б.С.

 3 орын «Ғарыш бағындырушылар» командасы Фаттахова К.В. және Руспекова А.А. және белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Педагогтерге арналған робототехника бойынша бұл жарыс STEM-білім беруді енгізудің және білім беру процесінде робототехникалық жабдықты қолданудың ынталандырушы тәсілі болады деп үміттенеміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 169

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст