Азбайтұғын адамның алтындығы. - дегендей №5 «Алтын бесік» бөбекжай бақшасында көп жылдан бері Исмаганбетова Алма Абенқызы еңбек етіп келеді. Алма Әбенқызы Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасарский елді мекенінде 1965ж дүниеге келді. Үлкен отбасында тәрбиеленген.
Мектепті бітіргеннен кейін анасының жолын қуып мұғалім мамандығын таңдап, 1983-1984 жылдарыаталған елді мекенде мұғалім болып еңбек жолын бастады.
1984 ж ЦГПИ С.Сейфуллин атындағы педагогикалық жоғарғы оқудың филология факультетін тәмамдап орыс-тілі әдебиеті мұғалімі болып 1989-жылға дейін қызмет атқарды.
1990-жылы Атбасар қаласына көшіп келіп, №2 «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек жолын жалғастырды.
2014-жылдан бері Алма Әбенқызы №5 «Алтын бесік» бөбекжай бақшасында тәрбиеші лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді.
30-жыл еңбек өтілі бар Алма Әбенқызы аянбай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Өз маманының шебері, балаларға жақын, жайдары, әрқашан көңілі көтеріңкі жүретін жан. Ұжым ортасында беделді, сыйлы, жауапкершілігі мол ұстаз. Сондай- ақ қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, өзінен кейінгі жас мамандарға саналы тәрбие, үлгі – өнеге көрсетіп келе жатқан шығармашыл ұстаз. Педагог еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп бөбекжайдың абройын көтеріп келе жатқан ізденпаз жан.
Сонымен қатар «Білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін құрмет грамотасымен, Ақмола облыстық ұйымы атынан және аудандық «Алғыс хат» марапатына ие болды.
Отбасында жолдасымен бірге 2-ұл, 1-қыз тәрбиелеп, әр қайсысын ұяларына қондырып, 7- немеренің қызығын көріп отырған аяулы да, адал жар, асыл ана.