Далада әлі қар жатыр, ал күнтізбе бойынша көктем айы! Осы жылдың тамаша кезеңі әйелдер мерекесінен басталады. Балабақшада 8 Наурыз мерекесі-бұл балалар үшін өз таланттарын көрсетіп, туған-туысқандарын қуанта алатын тамаша мүмкіндік. Бірінші болып ортаңғы «Айналайын», ересектер «Жұлдыз» және «Күн сәулелері» топтарының тәрбиеленушілері өздерінің аналары мен әжелерін құттықтады. Балалар оларға өлеңдер, әндер мен билер арқылы өздерінің махаббаты мен жүрек жылуын сыйлап, мерекелік құттықтаулар дайындады. Ертегі сюжеті және ертегі кейіпкерлері – осының барлығы әр мерекеде болды. Ал қандай мереке әзіл жарыстарсыз және конкурстарсыз өтеді? Бұл ертеңгіліктер де ерекше өтті. Әр мереке қуаныш, көңілге толы болды.
Мереке балабақша өміріне көктемгі қуаныш пен бақыт атмосферасын әкелді.