4-15 қыркүйек аралығында № 8 ЖББМ базасында "Мектепалды даярлықтың практикалық және мазмұнды аспектілері" тақырыбында мектепалды даярлық тобының педагогтеріне арналған курс өтті.
Бұл курстың мақсаты: педагогтер мен тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Курс қатысушыларына педагогикалық процесті әртараптандыруға көмектесетін әртүрлі формалар, әдістер мен педагогикалық технологиялар ұсынылды. Курс кураторы Жалмуханова Жанылсын Утегеновна оқу процесіне барлық қатысушылар қатысып, әркім өзін көрсете алатындай жұмысты ұйымдастырды. Педагогтар әріптестерімен тәжірибе алмасып, қойылған мақсаттар мен міндеттерді бірлесіп шешті. Осы курстардың арқасында біз кәсіби біліміміздің қоржынын толықтырып, кәсіби қызметімізде қолданатын мол тәжірибе жинадық.