Ортаңғы «Ақ бота» тобында мүсіндеу оқу қызметінен «Ұзын құлақ ақ қоян» тақырыбы бойынша оқу қызметі өтті.
Мақсаты: Бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, қоянның ерекшеліктеріне тоқталу. Ермексазбен жұмыр денені мүсіндеу машығын дамыту. Ертегіні мазмұндап айтқызу, ойын ойнау барысында тілдік қорларын дамыту. Жануарларға деген қамқорлыққа,шеберлікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Оқу қызметі барысында балалар ақ қоянды жалғыз қалдырмау үшін, қоянның достарын жасап, орманға алып баруға көмектесті.
Балалар оқу қызметіне белсене қатысып, ақ қоянның қайда өмір сүретінін, немен қоректенетінін, неден қорқатынын білді. Ермексаздан қоянның денесін мүсіндей алды. Балалар берілген тапсырмаларды орындап, ақ қоянның достарын жасауға көмектесті.