Егер педагог музыкалық оқу қызметін құрудың дұрыс тәсілін таңдаған болса, баланы музыкаға оқыту табысты болады. Балабақшада өтетін әрбір ән-күй оқу қызметі бойынша өткізу ерекшеліктерін ескере отырып өткізілуі тиіс. Бұл әр түрлі қызмет түрлері, ойын тәсілдері мен оқу қызметінде өткізу әдістері қолданылатын оқу қызметтер.
Бүгін 4 ақпан күні бөбекжай бақшамызда ән-күй жетекшілері ашық оқу қызметтерін көрсетті. Батырова З.С. мектепалды даярлық «Ақ бұлақ» тобында «Қыс орманда» тақырыбында, Токарева Н.А. мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Музыкальные проффесии» тақырыбында, Гончарова А.Ю. ересек «Жұлдыз» тобында «Волшебница - зима» тақырыбында оқу қызметтерін көрсетіп, тәжірибелерімен алмасты.
Әр ән-күй жетекшісі ұйымдастырылған оқу қызметінде өздерінің әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.