«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балабақшамен қоштасу кеші" деген барлығымыздың санамызда белгілі бір ассоциацияларды тудырады

26.05.2023

Қоштасу кеші-мектепке дейінгі әдемі кезеңнің аяқталуының символы.  Бұл мереке түлектердің есінде мәңгі қалуы керек. Балабақшадағы бітіру-балалар мен олардың ата-аналары үшін өте маңызды мереке. 
Сіздер кеше ғана кішкентай балапандарыңызды әкелген сияқты едіңіз, ал бүгін балалар үшін екінші үйге айналған осы жайлы орынымен қоштасатын кез келді.
25 мамырда "Алтын бесік" балабақшасында "Болашақ " мектепалды даярлық тобында балабақшамен қоштасу кеші өтті. Қоштасу кешіне дайындық өте қызықты және жауапты болды. 
Біздің балалар балабақшамен қоштасып, өмірдің жаңа кезеңіне – мектепке баруға дайындалуда. Жыл сайын біздің балабақша мектепке қарапайым  балаларды емес, нағыз талантты және керемет жұлдыздарды шығарады. Топтағы әрбір бала - кішкентай жұлдыз.
Әрқайсысы талантты және қайталанбас тұлға.  Біз олармен өткізген жылдар ішінде әрбірінің ерекше қылықтары үшін жақсы көрдік. Бүгін біз оларды мақтанышпен, үмітпен  мектепке аттандырғай отырмыз. 
  Ертеңгілік бойы олар балабақшада өткізген жылдарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетті: көптеген әндер шырқады, өлеңдер айтты, көріністерге қатысты, билерімен қуантты.      Қалыптасқан дәстүр бойынша балабақша меңгерушісі Толганбаева Жанаргуль Еркеновна  түлектерге  ашық жол, мектепті үздік оқуып, әрине, туған балабақшаны ұмытпауды тіледі.
Ата-аналардың тәрбиешілерге, әкімшілікке және балабақшаның барлық қызметкерлеріне алғыс сөздері айтылды.
Әр түлекке балабақшаны бітіргені туралы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Балабақшадағы қоштасу кеші  барлығына жарқын және есте қаларлықтай болды.

Просмотров: 97


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст