«Құрғақ бассейн» - балалардың бойындағы агрессияны төмендетіп, орталық жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді және де бассейіндегі түрлі – түсті шарлар баланың дене мүшесіне жақсы әсер беріп жайландырады.
Ойын – жаттығулар барысында балалар «Кеме» құрғақ бассейнімен жаттығулар жасай отырып саяхатқа шықты. Саяхаттау арқылы жолда кездескен теңіз жағалауындағы барлық кедергілерден өтіп, тапсырмаларды орындады. Балаларға арналған ойын үстелінде балалар әр түрлі қолдың саусақ маторикасына арналған жаттығуларды қызығып орындады.
Сенсорлық тактилді тақтаны пайдалана отырып, балалар шариктерді түсіне қарай өз ұяшықтарына орналастырды. Ойын қызметі соңында балалар өз көңіл – күйлерін білдіріп , жарықтандырылған арнайы «құммен сурет салуға арналған үстелде» өз қиялдарымен сурет салып, әңгімеледі.
Құммен сурет салу балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамытып, зейінді тұрақтандыруға көмек береді .