Бүгін «Ақ бұлақ» мектепалды даярлық тобында жаратылыстану оқу қызметінен «Аңдардың қысқы тіршілігі» тақырыбы бойынша оқу қызметі өтті.
Мақсаты: Аңдардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуі туралы түсінік қалыптастыру. Себеп салдар байланысын анықтай білуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілеттерін, талқылау, салыстыру, пікір білдіру қабілеттерін дамыту. Туған табиғаттқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, оның сұлулығын қабылдап, терең түйсінуге, жануарлармен өсімдікке қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.
Оқу қызметі барысында балалар адасқан қоңжыққа ормандағы кедергіден өтіп, достарына жетуге көмектесті.
Балалар оқу қызметіне белсенді қатысып, олар үй жануарлар мен жабайы жануарларды ажыратты. Интерактивті тақтадан жануарлардың апандарын белгіледі. Дана қаламмен қойылған жұмбақтардың жауабын тапты. аңдардың зияны мен пайдасы туралы ерекшеліктерін анықтап, олардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін кеңейтті. Балалар барлық тапсырмаларды орындап, қонжыққа көмектесті.