«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке барған қызықты!

12.04.2023

Мектепалды даярлық топтарының іс-шаралар жоспарына сәйкес , 12 сәуірде "Болашақ" тобы №3 жалпы білім беретін мектепке барды . Балаларды бастауыш сыныптарының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі А. Б.Габбасова қарсы алды. Ол балаларға  оқу сыныптарын көрсетті. Сынптардың бірінде балаларды бастауыш сынып мұғалімі  Л. Н. Минина қарсы алды. Л.Н. Минина балалармен  ойын түрінде танысып, сабақта өзін-өзі ұстау мінез-құлық ережелері не үшін  керектігін айтып берді. Одан кейін балалар мектеп кітапханасына барып, өздеріне ұнайтын кітаптарды қуана-қуана қарап, мектептің үлкен спорт залын көріп, әсерлерімен бөлісті.  Ал мектепалды даярлық  мұғалімі балалармен математика және сауат ашу негіздері бойынша шағын тестілеу өткізді . Жоғары сынып оқушылары балаларға робототехниканы көрсетіп, ойнауға рұқсат берді, мұнда біздің балалар үлкен қызығушылықтарын танытып, сұрақтар қоя бастап, бұл роботтарды ойлап тапқан балаларға таң қалу әсерлерімен бөлісті. Экскурсияның соңы балалардың  асханаға баруымен аяқталды. Мектеп мұғалімдеріне және директор Касенова Зауреш Ермековнаға  қызықты және танымды экскурсия үшін үлкен  алғыс білдіргіміз келеді .  Балалар риза болып, жігерленіп қайтты.

Тәрбиеші: Миронова С. И.

Просмотров: 68


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст