Текст
Бүгін «Еркемай» логопедтік тобында қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда «Математика-Логика еліне саяхат» тақырыбында оқу қызметі өтті. Оқу қызметінде Фребель сыйы әдістемелік құралдарын қолданып,тапсырмалар орындалды..«Моншақ құрастыр» тапсырма кезеңінде көлемді пішіндер туралы білімдері қалыптасып, ал «Қорапты әшекейле» тапсырмасы барысында ,кеңістікте бағдарлай білу қабілеттері арта түсті. Санды текшелердің көмегімен балалар тура және кері санап, реттік санау дағдылары арта түсті, сонымен қатар «Допты боя» тапсырмасы н орындай отырып балалар логикалық ойлау қабілеттері мен ұсақ саусақ бұлшық еттері моторикасы дамыды.