Бөбекжай-бақшамыздың жылдық жоспарына сәйкес барлық жасаралық топтарда ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы ашық оқу қызметтері өткізілді. «Күн сәулелері» ересек тобының тәрбиешісі Тенбаева Д.А. Дьенештің логикалық блоктары қолданып «Жабайы жануарлар және олардың төлдері» тақырыбында оқу қызметін көрсетті. В. Воскобовичтің «Коврограф ларчик» ойын технологиясын және күлгін орманды қолданып «Болашақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі О. Л. Кеслер «Цирковое представление» тақырыбында, «Зерек бала» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі С.А. Дубовик «Путешествие в зимний лес» тақырыбында және ортаңғы тобының тәрбиешісі А.А. Исмагамбетова «Қысқа дайындық» тақырыбында оқу қызметін көрсетті. Ұйымдастырылған оқу қызметінде АКТ технологиясын қолдана отырып логопедтік «Балапан» тобының тәрбиешісі «Тяжелее , легче. Сравнение по массе» тақырыбнда және қазақ тілі мұғалімі А. А. Қабдеш «Болашақ» мектепалды даярлық тобында «Аңдардың қысқы тіршілігі» тақырыбында оқу қызметін көрсетті.