«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Раисова Аймарал Шылмырза

07.03.2023

қызының еңбек жолы  Ақмола облысы Жақсы ауданында мектепте мұғалім болып басталып, қазіргі таңда   2014 жылдан бері «Алтын бесік» бөбекжайында педагог – психолог қызметін атқарып келеді.  Отбасында жолдасымен бірге үш ұлды тәрбиелеп, өсірген аяулы да асыл – Ана. Раисова Аймарал Шылмырза қызы 2021жылдың маусым айында педагог – модератор санатына ие болды. Өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп бөбекжайда және аудандық, облыстық іс-шараларға қатысып, бөбекжайдың абройын көтеріп келе жатқан іздемпаз ұстаз.  Ақмола облысы білім беру ұйымдары арасында өткізілген «Ең үздік психолог кабинеті» облыстық конкурысында жүлделі орынға ие болды.

     Аймарал Шылмырза қызының бойында ұстамдылық пен салмақтылық, байсалдылық пен кішіпейілділік атты жақсы қасиеттер сіңген. Ұжым арасында беделді, сыйлы жауапкершілігі мол ұстаз.

Сонымен қатар бала жанын терең түсініп, баланы тыңдай біледі. Бала көңілі сезгіш, бала жаны әрқашан жылу мен мейірімді қажет ететінін естен шығармай еңбек етіп келеді. Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ең алдымен баланың жасаған іс-әрекеттерін таразыға сала отырып, баламен бірге жұмыс істейді. Ата-аналармен ұжыммен тіл табысып, ұжымда қолайлы жағдай жасау мақсатында тренингтер, кеңестер, сауалнамалар өткізіп отырады.

 

Просмотров: 79


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст