«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәрбиеші болу-қабілеті жоғары маман болу"

07.03.2023

Ольга Леонидовна Кеслер "Алтын бесік" балабақшасының тәрбиешісі, дарынды, жігерлі, мақсатшыл адам. Ольга Леонидовна бала кезінен бастап тәрбиеші болуды армандаған.  Сондықтан мектепті бітіргеннен кейін бірден педагогикалық училищеге түсіп, "Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі" біліктілігі бойынша білім алды.  Жемісті еңбек жылдарында ол өз ісін жақсы көретін сауатты педагог және өзін кішкентай тәрбиеленушілердің махаббатына бөлене біле алатынын дәлелдеді.  Мектеп жасына дейінгі балалармен бірге Ольга Леонидовна түрлі конкурстарға  қатысты: аудандық, облыстық, республикалық  және әрдайым  жүлделі орындарға ие болды, грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Аудандық семинарларда бірнеше рет ашық сабақтар өткізіп, жас педагогтармен тәжірибе алмасты. Уақыт өте келе Ольга Леонидовна инновациялық технологияларды қолданады, бұл білім беру процесін бай әрі қызықты ете түсті. Жұмыста өзінің білімі мен дағдыларын қолдана отырып, педагог  әр баланың жүрегіне деген  көзқарас табуға, оның әлеуетін ашуға, балабақшада болу уақытын қызықты және танымды өткізуге тырысады. Сондықтан ата-аналар балаларын тәрбиешінің сенімді қолына тапсырып, жұмысқа сабырлы жүрекпен аттанады.

Уақыт тез зымырап  өтеді.  Балалар өсіп, жаңа өмірге  аттанады.  Ольга Леонидовнаның артында қаншама мектепке аттанған балалар бар.  Біз олардың қаншалықты коммуникативті, креативті болып, алған білімдері мен дағдыларына бей-жай  қарамауды және барлық нәрседен  жақсылықты  көруді үйренетініне көзіміз жетті. Бұл тәрбиешінің үлкен еңбегі! Шынында да, Ольга Леонидовна үшін "тәрбиеші" жәй ғана  мамандық емес, қабілеті жоғар маман болу!

 

 

 

 

 

Просмотров: 84


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст