Текст
Бүгін қазақ тілі мұғалімі Ә.А. Қабдеш мектепалды даярлық «Болашақ»тобында «Қыз қызығы» ашық оқу қызметін өткізді.
Оқу қызметі шаттық шеңберден басталып, жұмбақтың шешімі арқылы тақырып ашылды. Балалалар қыс мезгілі туралы білімдерін ортаға салып, қазақ тілінде және орыс тілінде де сөздерді аударды.
Оқу қызметі барысында балалар тапсырмалар орындады. Балалар интерактивті тақтада қысқы киімдерді ажыратып, қуыршақтарды киіндірді, берілген сурет бойынша сөйлем құрастырып, тіл ұстарту жаттығуларды, жаңылтпаштарды меңгерді. Мнемотехника әдіс-тәсілі арқылы аққала туралы өлең жолдарын жаттап, білімдерін кеңейтті. Оқу қызметі соңында «Аудармасын тап» ойыны арқылы балалар оқу қызметінен алған білімдерін бекітті.