«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейімделу кезеңі

10.02.2023

Бейімделу – қоршаған орта жағдайына үйрену. Балалар үшін балабақшаға келу бастапқы кезеңде өте қиын .Бейімделу прцессін жеңілдету үшін, бұл кезеңде балаға ерекше көңіл бөлген маңызды. Бала отбасында қаншалықты балабақшаға дайындалған болса, соншалықты бйімделу кезеңінен тез және қолайлы өтеді.

Бөбекжайдағы «Әлди» тобында күнделікті жаңадан түскен балалардың саны артуда.  Балалардың жаңа ортаға бейімделуі   орташа деңгейде өтіліп жатыр.

Балалардың жаңа ортаға тез бейімделуі үшін профилактикалық және психологиялық көмек беру мақсатында  сенсорлық орталыққа балалармен барамыз.  Орталық балалардың бейімделу кезеңінен жақсы өтуіне қолайлы жағдай жасайды.эмоционалдық көңіл-күйін көтереді.

 Мазасыздық және бойдағы агрессияны төмендетеді. Нерв жүйесін  тыныштандырып, қобалжуды басады.

Ұйқыны қалпына келтіреді. Мидың іс-әрекеті белсенді жұмыс істейді.

Сенсорлық орталықты  бірнеше топқа бөлуге болады.

1 жұмсақ орта – ол жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамассыз етеді.

2 жұмсақ балық төсекше – балаларға  арнайы гранулмен толтырылған жабдық арқылы нүктелі массаж  жасай отырып, қобалжуды агрессиялық мінез-құлықты төмендетеді. Балаларға жақсы демалуға мүмкіндік береді.

3 құрғақ бассейін – баланың жүйке жүйесін дамытып, психикалық көңіл-күйін қалыптастырады және реалаксация ретінде қолданылады.

4 тактилді көру және дауысты орта – баланың есте сақтау қабілетін дамытып, түрлі  түстер  және дыбыс шығару арқылы  есту қабілетін және көру, сипап сезуге, өзін- өзі жан-жақты басқаруға көмек береді.

5 .жұлдызды жаңбыр – баланы тыныштандырып, арнайы түрлі- түсті  күн талшықтарын сипау арқылы қобалжуды, зейінді қалпына келтіреді.

6. тактилді тақта – тактилді сезуді, көріп есте сақтауды, заттарды салыстыруды, қолдың саусақ маторикасын дамытады. 

Педагог- психолог Раисова А.Ш.

 

Просмотров: 173


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст