Текст
Кітап-баланың өміріндегі алғашқы досы. "Айналайын" ортаңғы тобының балалары "Сиқырлы әлем" дамыту орталығына қызығушылықпен барып, "Әтеш және түйір астық" ертегісімен танысты. Балалар ертегінің суреттерін қарап, достық туралы әңгімелесті. Олар "Иә-Жоқ"дидактикалық ойынын құмарлықпен ойнады. Кітапханаға барып, кітап әлемімен танысып, балалар оқу мәдениетімен танысып, көңілдерін көтерді.