Текст
Балалар үшін Жаңа жыл – бұл жаңа нәрселерді күту ғана емес, бұл әрқашан ғажайыптарды күту. Балалар ғажайыпқа сенеді. Бүгін біздің балабақшамызға Көкшетау қаласының Қуыршақ театры келіп, «Қысқы оқиғалар» қуыршақ қойылымын қойды. Спектакльде Дедус атты "Фиксики" мультфильмінің кейіпкері, Дим Димыч жазған хатты Аяз Атаға жеткізді. Аяз Атаға хаты жеткізуге Маша, қасқыр, қоян және Баба-Яга көмектесті. Жаңа жылдық мереке жақсы өтіп, Димычтың тілегі орындалды. Қойылым сәтті өтіп, көрермендерге үлкен қуаныш сыйлады.