Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында асыға түтетін ең сүйікті, ғажайы п мереке. Бірақ, ешкім біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді,шытырман оқиғаларды шынымен күтпейді.
Мақсаты: мерекелік атмосфераны құру, балаларға қуаныш сыйлау, әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу.
"Тәй-тәй" тобының балалары мереке қарсаңында әсем, көңілді қойылымға келіп, үміттері ақталды. Спектакльдің басынан бастап ертегі кейіпкерлері Ақшақар мен Аққала балаларды сиқырлы әлемге апарды . Балалар мерекелік шытырман оқиғалы атмосфераға еніп, Аяз атаның пайда болуымен нағыз мереке шыршаның айналасында әндер мен билер билеп, ғажайып әлем кейіпкеріне айналды. Қойылымнан кейін балалар Аяз ата мен Ақшақарға өлең оқып, кейіпкерлермен суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтар сыйлды.
Тұсаукесер кезінде мереке, сиқыр атмосфераны орнатып, балалардың жағымды эмоционалды көңіл-күйлері сезілді .